Үйі судың астында қалған 130 отбасына жаңа баспана берілді

295

Бұл жайында Үкіметтің баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үйі судың астында қалған 130 отбасына жаңа баспана берілді Фото: Ғайсағали Сейтақ

Су тасқынынан кейін 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болған.

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмысын жалғастырып жатыр.

Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

11 мамырдағы жағдай бойынша 130 отбасы ескі үйінің орнына жаңа баспанаға ие болды. 

Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр.

Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға үйін жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. 

Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9 995 тұрғын үй тексеріліп, 7 522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді.

Залалды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу