Үйі сүрілген тұрғындар төрт жыл бойы пәтер жалдап жүр

415

Павлодарда бұрынғы Алюминстрой шағын ауданының кейбір тұрғындары бірнеше жылдан бері баспаналарына қол жеткізе алмай жүр.

Үйі сүрілген тұрғындар төрт жыл бойы пәтер жалдап жүр Фото: Ашық дереккөзден

Тұрғындардың екі қабатты апатты үйлері төрт жыл бұрын сүрілген. Сол кезде әкімдік, ескінің орнына зәулім ғимараттар тұрғызып, сол жерден су жаңа баспана беруге уәде еткен. Алайда, төрт жыл ішінде қаншама көпқабатты үйлер салынғанымен, елудей отбасы әлі күнге пәтер жалдап күн кешуге мәжбүр.

Алюминстрой шағын ауданында 150-дей екі қабатты ағаш үйлер болды. Олар 1950 жылдары уақытша тұруға салынған болатын. 2016 жылдан бастап ол үйлер кезең кезеңімен сүріліп, орнына Сарыарқа деген жаңа мөлтек аудан пайда болды. Әйтсе де, елудей отбасы әлі күнге тиесілі баспаналарына қол жеткізе алмай жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу