"Үйім қайда?": Ақтөбеде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасынан үміткерлер наразы

542

Ақтөбе облысында бір топ ана облыстық әкімдікке келді.

"Үйім қайда?": Ақтөбеде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасынан үміткерлер наразы Фото: inbusiness.kz

Айтуларынша, бәрі – "Бақытты отбасы" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін құжаттарын тапсырып, негізгі тізімге өткен. Бірақ, бір жылдан бері баспаналарын күтіп жүр.

"Бақытты отбасы" бағдарламасына негізгі тізімге өткен аналардың бірімін.  Бұл бағдарламаға мүмкіндігі шектеулі баланың анасы ретінде тұрмын.  2016 жылдан бері пәтердің  кезегінде  тұрамын. Ал мына үйдң   конкурсын күткенімізге бір жылдың көлемі болды.  Осы уақыт аралығында әкімдік есігін қақтық, ешқандай тұшымды жауап ала алмадық.  Содан кеше апатты үйде тұратындарды бізге беріледі деген үйге көшіріп жатыр дегенді естігенде таң қалдық. Өйткені, бұған дейін әкімдіктегілер бізге "Конкурсты күтіңіз, банкке  өтті, ауласына тас төсесін, сол кезде  сіздерге конкурс өтеді" деді. Соны күтіп отырдық. Егер ол байқауға дайын болмаған үй болса, қалайша басқа тұрғындарды ол үйге орналастырады?, дейді қала тұрғыны Ләззат Табышева.

Ақтөбе қалалық әкімдігіндегілер тұрғындардың мәселесіне қатысты түсініктеме берді: 

"Бұл үйлер - жергілікті атқарушы органның үйлері. Әкімдік өзінің жағдайына қарай  бұл үйлердің тағдырын шешеді.  Қалған үйлерді бұл кісілер нақты мына үйдің иесі деп айта алмаймыз. Бұл кісілер әлі байқауға өткен жоқ. Екінші сатыда  пәтер таңдау еркі беріледі. Ал қабырғасына сызат түскен үйде тұратындарды көшірген себебіміз -   апаттың  алдын алу үшін жергілікті атқарушы органның жасаған шешімі. Өйткені, адам өмірі - ең маңызды нәрсе. Ол кісілер уақытша орналасты. Үйлері апатты жағдайда ма, жоқ па, оны сараптама анықтайды,- деді қалалық тұрғын үй қатынастары мекемесінің басшысы Жандос Әлімов. 

Ақтөбе қалалық әкімдігінің хабарлауынша, қазір "Бақытты отбасы" мемлекеттік тұрғын үй бағдараламасы бойынша негізгі тізімге 344 үміткер өткен. Олардың арасында жылдар бойы мүгедектігі бар баланы тәррбиелеп отырған ата-ана, жалғызбасты ана және көпбалалы отбасылар бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу