"Үйімізді алып қойды": Белгілі актриса қарттар үйін паналап жүр

13408

Ол пәтер жалдаған жігітке алданып қалғанын айтты. 

"Үйімізді алып қойды": Белгілі актриса қарттар үйін паналап жүр Фото: бейнеден скриншот

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан Айымторы Тайғаринова баспанасыз қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Айымторы Тайғаринованың жасы қазір 86-да, 7 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді.

"Үйімізді алып қойды. Мен жалғыз өзім далада қалдым. Үйімізде адвокат жігіт пәтер жалдап тұрды. Ол пәтерақы ретінде әр ай сайын 30 мың беріп тұратын. Кейін қағазға 30 мың теңге алып отырғанымды жазуды сұрады. Мен жазып бердім. Кейін пәтерім қолды болды. Ол не жасағанын, қалай жасағанын білмеймін. Ол әлгі үйді сатып алғандай болған ғой", - дейді кейуана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу