Үйін әскерилерге салғызған бұрынғы Төтенше жағдайлар вице-министріне қатысты үкім өзгерді

1144

Оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үйін әскерилерге салғызған бұрынғы Төтенше жағдайлар вице-министріне қатысты үкім өзгерді Фото: ТЖМ

Апелляция билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталған ТЖМ басшысының бұрынғы орынбасары Ибрагим Күлшімбаевтың үкімін өзгертті.

Ол Қарағандыда ұлына үй салуға әскери қызметшілерді мәжбүрледі деп айыпталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әскери соты бұрынғы генерал-майордың іс-әрекетін "билікті асыра пайдаланудан" "лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға" қайта саралау туралы шешім шығарды.

Тиісінше, Күлшімбаевқа шығарылған үкім өзгертілді. Оған бас бостандығын шектеу жазасы таңдалды. Сот алқасы бұрынғы вице-министрді сот залында қамаудан босатуға шешім қабылдады.

"Сот алқасы Ақмола гарнизоны әскери сотының 2024 жылғы 6 тамыздағы Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты үкімді өзгертуге қаулы етті. Күлшімбаевтың іс-әрекеттері ҚР ҚК 450-бабының 1-бөлігіне қайта саралансын, ол бойынша жазаны өтеудің бүкіл мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жаза тағайындалсын", - деді судья. 

Аппелляция бірінші сатыдағы соттың бұрынғы вице-министрдің кінәсі толығымен дәлелденді деген үкімімен келісті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу