Үйін су басқандарға өтемақы беріледі

588

Өтемақы аудандық бюджеттен төленеді.

Үйін су басқандарға өтемақы беріледі Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысында  көктемгі су тасқынан келген шығын көлемі белгілі болды. Ойыл ауданы Қаратал ауылында үйін су басқандарға 31 млн теңге төленеді. Бұл туралы аудан әкімі Асқар Қазыбаев мәлімдеді.

"17 наурыз  күні Ойыл өзені арнасынан асып, ауыл іргесіндегі бөгетті су шайған еді. 11 үйге су кірді. Арнайы комиссия құрылып, келген шығын көлемін анықтады. Өтемақы аудандық бюджеттен төленеді. Бір ай ішінде беріледі деп жоспарлап отырмыз",- деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Қарғын судан баспанасы бүлінгендерге фермелер де көмек қолын созуды ұйғарған.
Олар  өз қаражаттарына құрылыс материалдарын алып беріп жатыр.

"Қиын-қыстау кезінде халыққа көмек көрсету - парызымыз деп, ақылдаса келе Ақтөбе фермерлер қауымдастығының мүшелері баспанасына су кіргендерге цемент алып берейік деп шештік. Ойыл ауданына 12 тонна цементті өзіміз жеткізіп бердік. Қобда ауылына да 
 25 тоннасын апарамыз,- дебі Ақтөбе фермерлер қауымдастығының  төрағасы Марлен Баймағамбетов.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбе облымында екі бірдеу ауданға су тасқыны қаупі төніп, Лйыл мен Қобда аудандарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған болатын. Қобда ауданында көктемгі су тасқынынан қанша шығын келгенін комиссия әлі есептеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу