Үйін жалға беретіндер салық төлемесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады

958

Үйін жалға беретіндер салық төлемесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Үйін жалға беретін алматылықтарға салық төлеу үшін бір апта берілді, деп хабарлайды Atameken TV.

Егер олар талапты орындамаса, әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  Мұны Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Олардың айтуынша, "Еурополис" элиталық тұрғын үй кешенінде меншік иелері заңсыз жалға беріп отырған 11 пәтер анықтаған. Баспананы жалдайтындардың дені – шетелдіктер.  Аталған тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтердің бағасы 250-550 мың теңге аралығында болса, үш бөлмелі пәтер - 400-800 мың теңге. Төрт бөлмелі пәтер – 550 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, ал бес бөлмелі пәтер 1 миллион 300 мың теңгеге бағаланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу