Үйінде заңсыз тапанша мен мылтық сақтаған өзбекстандықтар ұсталды

222

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) мен ішкі істер органдарының қызметкерлері бірлесіп, ел астанасында заңсыз қару сақтаған Бұхара облысының тұрғындарын ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үйінде заңсыз тапанша мен мылтық сақтаған өзбекстандықтар ұсталды Фото: Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі

Өзге істі тергеу барысында ұсталған азаматтардың үйінде жасырылған қару мен оқ-дәрілер бар екені анықталған.

1973 жылы туған күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде одан 3 "Макаров" тапаншасы мен 21 патрон және 1 "ТТ" тапаншасы, сәйкесінше оның 5 оқ-дәрісі табылған. Бұған қоса шатырдың астына жасырылған қарудың дауысын бәсеңдететін 1 құрылғы тәркіленді.

МҚҚ баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті өзінің таныстарымен бірге ол қару мен оқ-дәрілерді Ресейден контрабандалық жолмен алып келген.

Сараптаманың нәтижесіне сай, тәркіленген тапаншалар мен оның патрондары атыс жағдайында қолдануға жарамды саналады.

Сонымен қатар күдіктінің серіктестері де үйінде қару сақтаған. Тінту барысында ол азаматтан тиісті құжаттары жоқ 2 аңшылық мылтық пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Аталаған фактілер негізінде ӨР Қылмыстық кодексінің 246 (Контрабанда) және 248 (Атыс қаруы мен оқ-дәрілердің заңсыз сақтау) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу