Үйінді астынан шығарылған 1678 сәби отбасымен қауышты

750

Жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтардағы 42 баланың жеке басы анықталмаған. 

Үйінді астынан шығарылған 1678 сәби отбасымен қауышты Фото: ensonhaber.com

Қахраманмараштағы жер сілкінісінен кейін қараусыз қалған 1915 баланың 1678-і отбасымен қауышты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігіне сілтеме жасап.

Аталмыш министрліктің Twitter-дегі парақшасында жарияланған мәлімдемеде үйінді астынан шығарылған 1915 бала қараусыз қалған делінген. Бүгінде 1678 сәбидің жеке бас куәлігі анықталып, өтініш берушілер тексерілгеннен кейін ата-аналарына табысталды. Ал 86 бала мекеменің қарауына алынды. Сонымен қатар 151 баланың ауруханаларда емдеу процесі жалғасып жатыр. Қазір мекемеде жеке басы анықталмаған 42 бала бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу