Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан

2732

Әпкесінің үміті үзілмесін деп құшағында қайтыс болған сәбиге бесік жырын айтқан.

Үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан Фото: gzt

Баласының үйінді астында қаза тапқанын анасынан жасырған.

Малатья қаласында жер сілкінісінен соң отбасымен үйінді астында қалған әйел құшағындағы өлі сәбиге бесік жырын айтқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. 

Зілзаладан соң ерікті ретінде іздестіру-құтқару тобының жұмысына қатысқан жергілікті мұғалім оқиға орнындағы жағдайларды ұмыту мүмкін емес дейді. Олар 19 адамды үйінді астынан аман-есен алып шыққан. Алғашқы күн 9 сағат жұмыс істеп бірде бір тұрғынды таба алмаған. Үміт үзіле бастағанда үйінді астындағы бір қыздан әкесіне хабарлама келеді. Жер сілкінісінен 19 сағат өткен соң осы хабарламаға сүйене отырып, құтқару тобы қираған ғимаратта іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде үйінді астынан 9 адам аман шығарылады. Солардың бірі әпкесіне сәбиі туралы:

"Ол менің құшағымда жатыр, уайымдама, бесік жырын айтып ұйықтаттым" деген. Баланың қайтыс болғанын тек өзі білген. Үйінді астынан алып шыққанға дейін бәрі, тіпті құтқару тобы да тірі деп ойлаған. Еріктінің айтуынша ол қыз сәбидің анасына, яғни әпкесіне моральдық тұрғыда көмек беру үшін осындай қадамға барған. Осылайша үйінді астында қалғандардың өмірін құтқарып қалды", дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу