Үйіне газ кіргізу үшін берілетін көмекті кімдер ала алады?

2065

Елордада Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный аудандарында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына үйіне газ жүйесін орнату үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үйіне газ кіргізу үшін берілетін көмекті кімдер ала алады?

Баспанасын газдандыру үшін біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (150 900 теңге) жан басына шаққандағы табысы болған және оларда, олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Нұр-Сұлтан қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып саналатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға беріледі.

Әлеуметтік көмектің көлемі 90 АЕК-тен (262 530 теңге) аспайтын газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші egov.kz Электрондық порталы арқылы өтінішке қоса төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) отбасының бірге тұратын барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке бас куәлігі, балалардың туу туралы куәлігі);

2) Жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (хабарласқан уақыттың алдыңғы тоқсанына тағайындалған еңбекақы, ажырасқан отбасыларға алимент туралы мәлімет);

3) мәртебені растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі – зейнеткерлер үшін мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі – мүгедектер үшін, көпбалалы отбасылар үшін – көпбалалы отбасының куәлігі);

4) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама нысан № 6 ХҚКО.

Сонымен қатар, арызданушының газдандыруға нақты шыққан шығындарын растайтын құжаттар (сервистік қызмет көрсетудің шарты, жабдықты сатып алу шарты, чектердің көшірмелері, банктік шот туралы мәлімет).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу