Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады, деп жазады inbusiness.kz.
Сонымен қатар банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерді есептен шығару туралы шешім қабылдады.
"Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық білдіреді және олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітін білдіреді", – деп хабарлайды банктен.