"Үйінен еңбектеп шығып кеткен": Түркістан облысында көшеден 10 айлық сәби табылды

470

Анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. 

"Үйінен еңбектеп шығып кеткен": Түркістан облысында көшеден 10 айлық сәби табылды Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында үйінде ашық тұрған есіктен шығып кеткен 10 айлық сәби табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

Белгілі болғандай анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен. Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу