"Мені өлтіруі мүмкін": Туыстарынан қашқан шешенстандық қыз көмек сұрады

127

Шешенстан Республикасының 24 жастағы азаматшасы Эльза Солтаева үйінен қашып кеткен. 

"Мені өлтіруі мүмкін": Туыстарынан қашқан шешенстандық қыз көмек сұрады Фото: Бейнежазбадан

Ол кері қайтқысы келмейтінін, онда отбасынан зорлық-зомбылық көргенін айтып көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Эльза Солтаеваны Атырау облысындағы Доссор кентінде полиция ұстаған. 

– Бізді Доссор кентінде полиция ұстады. Құжатымызды алып қойды, бермей жатыр. Кавказдағы қыздарға көмектесіп жүрген адам да ұсталды. Бізге көмек керек. Менің артымнан туысқандарым келе жатқанын білемін. Олар мені өлтіруі мүмкін, қорқамын, – дейді қыз. 

Осыған байланысты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. 

– Полицияға Ресей Федерациясының азаматшасы, 2000 жылғы бойжеткеннің із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты жоғалған азамат анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру кезінде оның үйінен өз еркімен кеткені анықталды. Одан осыған байланысты түсініктемесі алынды. Кейін жіберілді, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Эльза Солтаеваның қайда кеткені белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу