Ақпаратқа қарағанда, цехтың қолдан жасалған есепке алу-бақылау таңбалары болған. Алкоголь үй-жайда антисанитариялық жағдайда дайындалған.
"Оқиға болған жерді тексеру барысында есепке алу бақылау маркалары, алкоголь өнімі, спирт және алкоголь өнімдерін құюға және дайындауға арналған түрлі заттар табылып тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған ақпаратта.
ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу