"Ұйқыдағы алматылықтар дауыс беруге асығар емес"

Алматылықтардың сайлауға қатысу деңгейі төмен. 

"Ұйқыдағы алматылықтар дауыс беруге асығар емес"

Бұл туралы Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Ұйықтағанды ​​жақсы көреміз, түскі уақытта оянамыз, түскі ас кезінде шәй ішеміз. Сондықтан сайлаушылардың қатысуы төмен. Ауа райы нашар ма, білмеймін. Кешке сайлауға келушілер саны артуы мүмкін. Барлығын дауыс беруге шақырамыз", - деді Жанна Асанова.

Оның айтуынша, Алматыда 12-ге жуық шағын шағым түскен.

 "Бұзушылықтарды жазып, желіге жібермес бұрын, мамандардан баға алған дұрыс: бұл бұзушылық па, жоқ па. Бірақ өрескел заң бұзушылық болған жоқ", - деді спикер.

Сағат 12:05-ке қарай Алматыда сайлаушылардың қатысуы ОСК-ның алдын ала мәліметі, бойынша 16,89 пайызды құрады. Бұл ең төмен көрсеткіштердің бірі. Ең жоғары көрсеткіштер Абай (43%), Ақмола облыстарында (40%) тіркелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу