Үйлену тойындағы жарылыстан 63 адам қайтыс болды

885

Кабулдағы жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 63-ке жетіп, 180-нен астам адам жарақат алған.    

Үйлену тойындағы жарылыстан 63 адам қайтыс болды

Tolo News телеарнасы келтірген Ауғанстан полициясы мәліметі бойынша, Кабулдағы үйлену тойы кезінде болған жарылыстан 180-нен астам адам жарақат алып, 63 адам қайтыс болған.   
Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар арасында әйелдер мен балалар бар.          

Полиция жарылысты жанкешті жасағанын растады.          

Талибан ұйымы өздерінің жарылысқа қатысы бар екенін жоққа шығарып отыр. 

Бұған дейін, Кабулдың батыс бөлігінде өтіп жатқан үйлену тойында жарылыс болып, 40-тан астам адам қайтыс болғаны хабарланған болатын.       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу