"Үйлерді су басып тұр: Ақтөбе облысының Қобда ауданында әлі төтенше жағдай тәртібі сақтаулы

590

Қобда ауданында әлі су басып тұрған үйлер бар. 

"Үйлерді су басып тұр: Ақтөбе облысының Қобда ауданында әлі төтенше жағдай тәртібі сақтаулы Фото: Ақтөбе облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі

Бір жарым ай бұрын қырдан аққан қарғын су Ақтөбе облысының екі ауданын басып қалған еді.  Соған байланысты Ойыл мен Қобда аудандарында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

"Залалды жою мақсатында канал қазып, 200 кубтық екі насоспен су сорғылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Дегенмен,  жерасты сулары жақын болғандықтан, судың деңгейі қайта-қайта  көтеріліп кеткенін байқап отырмыз. Қазір 5 тұрғын үй және сол үйлердің сарайлары, тағы басқа қосалқы құрылыстар суда тұр. Бұл үйлер сарапшылардың қорытындысына сәйкес, тұруға жарамсыз деп танылып отыр. Зардап шеккен тұрғындарға жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан 24 тұрғын үй беріледі,- деді Қобда ауданы әкімінің орынбасары Ізгілік Тынымгереев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу