Өйткені былтыр берілуі тиіс баспана әлі жоқ. Сайып келгенде ақшамыз ауаға, өзіміз далада қаламыз ба,- деп қорқады.
Тараздық Гүлмира Оңдасбаеважер кезегін 17 жыл күткен. Зарықтырғантеліміне "Нұрлы жер" бағдарламасымен үй соғуға 4 жыл бұрын ұсыныс түседі.Бастапқыда қуанады. Алайда құрылысы тек былтыр басталған жұмысқа 5 млн теңге берген.
"Мемлекеттік бағдарлама болғаннан кейін қандай негізбен ақшаны алды? Алмай бітіру керек еді Үйсіз-күйсіз қазір жүргеніміз мынау", дейді тұрғын Гүлмира Оңасбаев.
Даудың басы бас-аяғы 6 үйден шығып отыр. Тұрғындар тек 50 пайызы біткен баспанаға қалай кіреміз деп жыларман. Бәрі 5 млн. теңгеден жинап беріп, жер сипап қалыпты. Бұдан бөлек инфрақұрылымға да қыруар ақша жұмсаса қажет. Қазір бәрі не үйге кіре алмай, не ақшасын қайтара алмай әлек.
100-ден аса үйді салуы тиісқұрылыс компаниясында 10-ға жуығы қалып қояды. Компания басшысы құрылыстың қалған бөлігіне қаражат жетпей қалды деп отыр. Ал үйсіз қалдық деген жұрт"Нұрлы жер" бағдарламасына тіптен наразы. Мемлекеттің бағдарлама майшелпек болғаны ма дейді.
Ал мердігер компания құрылысқа қолбайлау болған пандемия мен құрылыс заттарының қымбаттап кетуі дейді. Сөзінше, әу баста атқамінерлер "5 млн.теңгені өтеп береміз, еш уайымсыз құрылысты жүргізе бер" - деп сендіріпті.Бірақ түптің түбінде өзім де алданып қалдым деп ақталды.
"Маған сол тұста уәде берген басшылардың бәрі ауысып кетті. Әкімдіктен демеу болады, алаңсыз жұмысістей бер деген еді. Енді 5 млн. теңгені қайтарып бермей жатыр. Соттан да жеңілдім. Негізі мен келісім-шартпен өзіме жүктелген міндетті орындадым.Басқасын білмеймін", дейді "Ремстрой-СС" ЖШС директоры Иван Макрушин.
Қалалық әкімдік мәселені енді майшаммен қарамақ. Мердігердің әр баспанаға қанша қаражат жұмсағанын тиынына дейін таразыға тартылмақ. Егер компанияның қымбатшылыққа ұрынғаны анық болса, субсидия қарастырылмақ.
"Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс осы жерде отырып, бұл кісімен өз еркімен орындауын талап етеміз. Егер олай болмаса сот арқылы мәжбүрлеу мәселесін қарастырамыз.Кішкене күту керек", деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.
Шаһар басшысы 5 жыл жалғасқан дауды 1 күнде реттеу мүмкін емес дейді. Сондықтан апта соңына дейін уақыт беруді сұрады. Оған дейін мәселені заңгерлер реттемек.