Үйлі болғысы келетіндер үшін сүйінші жаңалық жарияланды

102

Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалған.

Үйлі болғысы келетіндер үшін сүйінші жаңалық жарияланды Фото: banki.ru

10 наурыздан бастап 31 наурызға дейін "Наурыз" бағдарламасына өтінім қабылданады. Тиісті ақпаратты Отбасы банк таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"10 наурызда "Наурыз 2026" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады. Құжаттарыңызды алдын ала дайындап, мүмкіндіктеріңізді есептеп, 10 наурызды өз үйіңізге бастайтын жеке старт күні ретінде белгілеңіз", – делінген хабарламада.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қарыздың ең жоғары сомасы Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін болса, өзге өңірлер үшін – 30 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі – 19 жылға дейін.

Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 2 млн теңге. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды. Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының атында баспанасы болмауы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу