"Ұйықтап кете жаздадым": Байден Трамппен пікірсайыстағы әсерін айтты

202

Оның айтуынша, дебат алдында саяхатқа шығу қате шешім болған. 

"Ұйықтап кете жаздадым": Байден Трамппен пікірсайыстағы әсерін айтты Фото: cnn

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы көшбасшысы Дональд Трамппен теледебатта сәтсіздікке ұшырауын іс-шара алдындағы іссапарларға шыққанымен түсіндірді. Алайда демократтар оның президенттікке үміткер болуын тоқтатуды және биліктен кетуді талап етіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Джо Байден Вирджиния штатына қарасты Маклин қаласы маңындағы қайырымдылық кешінде дебат кезінде неліктен абдырап қалғанын түсіндірді. Оның айтуынша, дебат алдында саяхатқа шығу қате шешім болған.

"Пікірсайыс алдында әлемді бірнеше рет аралап келуді ұйғардым. Қызметкерлерімді тыңдамадым... Бұл қате шешім болған екен. Шешуші кезеңде сахнада ұйықтап кете жаздадым", – деп түсіндірді Байден.

Байден бұл әрекетін ақталу емес, тек түсіндіру деп қосты.

Айта кетейік, 27 маусымда АҚШ-та президенттікке үміткерлер Джо Байден мен Дональд Трамптың алғашқы дебаты өткен еді. Саясаткерлер арасындағы пікірталас CNN арнасында өтті. Дебаттан кейін басылым сауалнама жүргізді, оған сәйкес респонденттердің 67% – Трампты, 33% – Байденді таңдады. Президенттің бұл сөзінен кейін демократтар оның отставкаға кетуді және үміткер болудан бас тартуды ашық талап етті.

Ақ үйде өткен брифингте баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер де президенттің мінберде нашар сөз сөйлегеніне түсініктеме берді.

Карин Жан-Пьер президент мүгедек пе немесе деменциямен ауыра ма деген сұрақтарға жауап беруге мәжбүр болды.

"Біз бұл кештің қалай сәтсіз өткенін түсініп тұрмыз. Биліктегі президенттердің алғашқы пікірталас кезінде өзін нашар сезінуі қалыпты нәрсе. Біз Америка халқының атынан атқаратын жұмысымызды жалғастыра береміз", – деді баспасөз хатшысы.

Дегенмен оның жауаптары брифингке қатысушылардың сенімсіздік тудырды. Өйткені ол президентке жай ғана суық тигенін және отставкаға кетуді жоспарламағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу