"Ұйықтап кеткен": Ақмола облысында анасын еміп жатқан сәби шетінеп кетті

381

Дәрігерлер сәбидің ауа жетпегеннен көз жұмғанын анықтады. 

"Ұйықтап кеткен": Ақмола облысында анасын еміп жатқан сәби шетінеп кетті Фото: freepik

Ақмола облысының Ақкөл қаласында әйел адам мас күйде сәбиін емізіп отырып, ұйықтап кеткен. Салдарынан қолындағы сәбиін абайсызда тұншықтырып, өлтіріп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта белгілі болғандай, әйел адам оянған кезде сәбиінің қозғалыссыз жатқанын байқап, бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер сәбидің ауа жетпегеннен көз жұмғанын анықтады.

Іс сотта қаралып, прокурор әйел адамды бас бостандығын шектеу жазасын белгілеуді сұрады.

Жаза тағайындау барысында сот әйел адамның шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай деп, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.

Сот үкімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу