Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті құрылады

1974

Оның құрамында адам саудасына қарсы күрес бөлімшесі болады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті құрылады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің қалай жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Жыл басынан бері қылмыстық топтардың 16 басшысы мен 130 мүшесі жауапқа тартылды. 150-ден астам қару-жарақ және 960 дана оқ-дәрі тәркіленді. Адам саудасына қатысты қылмысты тергеу практикасы жетілдірілуде. Жыл басынан бері осындай 107 факт анықталды. Сотқа 58 қылмыстық іс жіберілді. Бұндай қылмыстарды көбінесе ұйымдасып жасайды және трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құру жоспарланып отыр, оның құрамында адам саудасына қарсы күрес бөлімшесі болады", – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Айта кетсек, қазір ІІМ құрамында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жұмыс істейді.

Нұржан Көшкенов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу