Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау бойынша арнайы операция басталды

1039

Бұл ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар.

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау бойынша арнайы операция басталды

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе отырып Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше бұл ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға, ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар.

"Тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ  күштері мен құралдары тартылды. Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз",– делінген хабарламада.

Арнайы операцияның қорытындысы жарияланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу