"Ұйымдастыру жоғары деңгейде": ТМД байқаушылары сайлауға қатысты пікір білдірді

652

Бүгінгі сайлаудың барысын 793 халықаралық байқаушы қадағалап отыр.   

"Ұйымдастыру жоғары деңгейде": ТМД байқаушылары сайлауға қатысты пікір білдірді Фото: election.gov.kz

Олардың 69-ы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының атынан бақылау жүргізуде, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Миссия құрамында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан парламенттерінің өкілдері бар.

ТМД байқаушылары Астана, Алматы, Талдықорған, сондай-ақ шетелдік 15 сайлау учаскесінде жұмыс істеп жатыр. Олар дауыс беру, әзірге заң талаптары аясында өтіп жатқанын айтады.

ТМД байқаушылары сайлау учаскелері жабылып, дауыстарды санау аяқталғанға дейін жұмыс істейді. Ал Орталық сайлау комиссиясы саяси науқан қорытындысын жариялағаннан кейін, тиісті мәлімдеме жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу