Үкімет 10 ұлттық жобаны тиісті деңгейде қаржыландыра алмады

837

Бұл туралы Парламент палаталарының кеңейтілген отырысында Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова айтты, деп жазды inbusiness.kz.

Үкімет 10 ұлттық жобаны тиісті деңгейде қаржыландыра алмады

"Өткен жылдың күзінен бастап Үкімет 10 республикалық жобаны іске асыруды бастады, оларды бюджеттік қаржымен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Өкінішке орай, олай болмады, 43%-дан астамына қаржы толыққанды жетпеді. Ал аса маңызды міндеттерді тиімді шешу үшін толықтай қаржыландыру қажет. Сондықтан ұлттық жобаларды нақты қаржылық мүмкіндіктерге бейімдеген жөн", – деді Годунова.

Оның айтуынша, үкімет бұл жұмысқа қазірдің өзінде кірісіп кеткен.

Наталья Годунова ел аумағын аймақтарға бөліп, әлеуметтік-әкімшілік нысандарды салу кезінде бір шаршы метрге кететін шығынға шектеу қойған орынды деп санайды. Оның ойынша бұл сол ақшаға көбірек құрылыс салуға мүмкіндік береді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу