Ұлттық экономика министрлігі 2017 жылға арналған бюджетте мұнай құнының болжамын 35 доллардан 50 долларға дейін көтерді.
"2017 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы әлемдік тауар нарықтарындағы қазіргі тенденциялар ескеріліп түзетілді. Олар бойынша 2017 жылы мұнай бағасы барреліне 35 доллардан 50 долларға көтерілді", – деп хабарлады 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.
Сондай-ақ доллардың есептесу бағамы 1 доллар үшін 360 теңгеден 330 теңгеге өзгертілді, деп атап өтті ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу