Үкімет 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

1282

 Үкімет 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті

2018 жылы мемлекет шығыстарына 9 трлн 218 млрд теңге жұмсалуы тиіс. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 134,6 млрд теңгеге жоғары.

Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджет мақұлданды. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жобаның базалық сипаттамасы жаңа бюджет саясаты мен 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қарай айқындалған. Сонымен, алдағы 3 жылда мемлекеттік инвестиция көлемі - 1,4 трлн теңгені құрамақ. 512,6 млрд теңге - "Нұрлы жер" бағдарламасына жұмсалса, оның 208,8 млрд-ды тұрғын үй құрылыс сегментіне салынады. 195 млрд – агроөндіріске, 232,9 млрд - индустриалды-инновациялық дамуға, 292,6 млрд - транспорт жүйесіне, ал 3 трлн 473 млрд теңге қорғаныс пен ішкі қауіпсіздікті бекітуге беріліп отыр. Бюджет тапшылығы 2018 жылы – 1-ден 1,1%-ды құрайды деп те болжалған.

Бақыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі: "Мұнайдан тыс түсімдердің көлемі ағымдағы жылдың жоспарына қарағанда 851,1 млрд теңгеге немесе 19,3 пайызға өсіп, 2018 жылы 5 трлн 271,4 млрд теңгені құрайды".

Бюджетке түсетін мұнай түсімдерінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1 трнл 901,3 млрд теңгеге төмендейді. Бұл Ұлттық қордан берілетін кепілдірілген трансфертті біртіндеп азайтуға және нысаналы трансферттен бас тартуға байланысты болды.

Бюджет мұнай бағасын барреліне 55-ден 45 доллар, ал валюта бағамы 1 доллар 340 теңге шамасында деген болжаммен бекітіліп отыр. Ал Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов алдағы 5 жылда Жалпы ішкі өнім 4,2% өседі дегенді де келтіреді. Мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 86 млн тонна, 2022 жылы 88,6 млн тоннаға артауы тиіс екен.

Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі:

"Ішкі және сыртқы параметрлердің өзгеруіне қарай Қазақстан экономикасын дамытудың ықтимал 3 сценарийін қарастырып отырмыз. Оптимистік сценарий бойынша 2018-2022 жылдары мұнай бағасы барреліне 55 доллар болады. Пессимистік сценарийға қарағанда, мұнай бағасы 35 долларға дейін төмендейді. Бірақ орта есеппен үшінші сценарийді алып отырмыз. Онда 2018-2022 жылдарға арналған бюджет мұнай бағасын барреліне 45 доллар шамасында базалық ұстаныммен бекітіледі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу