Үкімет 300 млрд теңге үнемдеді

1055

Квазимемлекеттік секторға өнімсіз шығыстарды қысқарту керек.  

Үкімет 300 млрд теңге үнемдеді Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында квазимемлекеттік   сектордағы тиімсіз шығыстарды қысқартуды тапсырды. 

"Бюджет саясатының тиімділігін жан-жақты зерделеу қажет. Бұдан бұрын имидждік іс-шараларға бюджет шығыстарын қысқартуды тапсырған едім. Үкімет шығыстарды 300 млрд теңгеге оңтайландырды. Бұл – мәселені шешудің алғашқы қадамы ғана. Дәл осындай жұмысты квазимемлекеттік секторда да жүргізу қажет", – деді Мемлекет басшысы. 
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, өнімсіз шығыстарды қысқартуға бағытталған жоспарлы жұмыстан тыс қалмауға тиіс. 

"Үкіметке 2020 жылдың 1 мамырына дейін атқарылған жұмыстарды баяндауды тапсырамын", – деді Президент. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу