Үкімет 48 нысанды жекешелендіруге қойды

669

Жалпы 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес сатылған нысандардан бюджетке 57 млрд теңге түсті.    

Үкімет 48 нысанды жекешелендіруге қойды Фото: inform.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді деп жазады inbusiness.kz.

"Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 675 объектіні сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 57 млрд теңгеге 245 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді", - деді Қаржы министрі Ерұлан  Жамаубаев.

Оның дерегінше, тағы 52 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. 330 нысан бойынша сату алдындағы дайындық жүргізілуде, 48 нысан сатуға қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу