Үкімет Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады

419

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлім етті. 

Үкімет Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді. 

Бүгінде "Самұрық-Қазына" АҚ мен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.

Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу