Үкімет әкімдердің рейтингін жолдардың сапасымен есептеп шығаратын болды

860

Жолдардың сапасына қарай әкімдердің рейтингі дайындалады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Үкімет әкімдердің рейтингін жолдардың сапасымен есептеп шығаратын болды

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында "Көлік туралы" заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті. 

"...жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативті-құқықтық акт енгізіледі. Одан бөлек әкімдердіің рейтингін жол сапасына байланысты анықтау бойынша әдістеме әзірленді. Онда мақұлдау және бекіту процедуралары енгізіледі", – деді министр.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу