Үкімет Ақтөбе облысын дамытудың кешенді жоспарын бекітті

750

Үкіметте Ақтөбе облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz

Үкімет Ақтөбе облысын дамытудың кешенді жоспарын бекітті

"Ақтөбе облысы – батыс аломерациясының орталығы, еліміздегі маңызды индустриялық-аграрлық өңір. Металлургия, химия және мұнай-газ салаларын дамыту үшін облыстың айтарлықтай әлеуеті бар. Кешенді жоспардың 36 іс-шарасын іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді. Бес жыл ішінде шамамен 5,8 трлн. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асырылады. Жаңа өндірістер ашылып, жаңа мектептер мен ауруханалар пайдалануға беріледі. 114 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. Ең бастысы – облыс халқының тұрмыс сапасы мен әл-ауқаты жақсарады, орташа жалақы өседі",– деді Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша кешенді жоспарды сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігер жұмсалуы қажет.

"Біз бұл құжатты мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспардағы іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін", – деп тапсырды Асқар Мамин.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу