Үкімет Алматыдағы тау демалысын дамытады

236

Тау туризмі жағажай туризміне қарағанда айтарлықтай жоғары табыс әкеледі. 

Үкімет Алматыдағы тау демалысын дамытады Фото: www.ult.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді. Оның негізгі мақсаты – тау туризмін дамыту. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, тауда демалатын туристердің орташа шығыны 350 долларға тең. Бұл көрсеткіш жағажай туризмінде 50 долларды құрап отыр", - деді Ербол Мырзабосынов.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында тау туризмін дамыту әлеуеті зор.

"Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Катонқарағай мен Зайсандағы әуежайлардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, министрлік Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп тау туризмін дамытуды пысықтауды бастады", - деді Туризм және спорт министрі.

Айта кету керек, осыған дейін әкімдіктер елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу