Бір ғана Атырау облысының өзінде соңғы бір аптада пияз құны 2,6%-ға, күнбағыс майы 1,9%-ға, ал жұмыртқа бағасы 1,2 %-ға артыпты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Доллар бағасының аспандауы тұрғындардың қорқынышын одан әрі үдетті. Ал, үкіметтегілер тауар құнын тұрақты ұстап тұру бойынша шешім қабылдаған.
Мереке қарсаңында "дүкен сөрелерінде тапшылық болмасын", деп жауаптыларға тапсырма да жүктеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу