Үкімет балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жазаны күшейту жобасын мақұлдады

432

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын таныстыру аяқталды.

Үкімет балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жазаны күшейту жобасын мақұлдады Фото: @dinara.zakiyeva

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату, сондай-ақ отбасылар мен балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру жөніндегі барлық түзету Үкімет қорытындысында қолдау тапты. Бұдан әрі олар Мәжілісте талқыланатын болады. Үкіметтің қорытындысы – заң жобасымен жұмыс істеудің маңызды және көп уақыт алатын бөліктерінің бірі. (Оң қорытынды шықпаса, іс жүзінде норма қабылданбайды). Сондықтан кейінгі бірнеше ай бойы, демалыс күндерінде де ПА, Премьер-Министр Кеңсесі, Әділетмині, БП, ІІМ, Еңбекмині, ЕХӘҚМ-індегі әріптестеріммен норманы ұсынылған түрде қолдау және ол құқық қолдануда тиімді болуы үшін баптардың редакцияларымен жұмыс істедік", – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Ол қыркүйекте Аманаттың Мәжілістегі фракциясында және БП-да таныстырған балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша енгізілген 40-тан астам түзету үкіметтен қолдау таптқанын жазды.

Атап айтқанда:

  • балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін татуласу мүмкіндігін алып тастау және жазаны қатаңдату: азаптау (баптың жаңа редакциясы), қатыгездік, денсаулыққа ауыр, орташа зиян келтіру, кәмелетке толмағанды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру үшін;
  • зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни, балаларға қатысты ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу (заң жобасы аясында ересектерге де қатысты); бала зорлау үшін бас бостандығынан өмір бойына айыру;
  • балаға жыныстық сипатта тиісуге қатысты бап енгізу;
  • балаға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша тергеу әрекеттері кезінде қамауда ұстау;
  • балаларға қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізу (МӘМ, лагерьлер);баланы автобустан мәжбүрлі түрде түсіріп тастау үшін;
  • буллинг үшін жауапкершілік енгізу;
  • Профилактикаға қатысты: отбасыларға, балаларға көмек көрсету инфрақұрылымын құру (Отбасын қолдау орталықтарын, Балаларды психологиялық қолдау орталықтарын ашу);
  • қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру құзыретін бекіту; агрессормен психологиялық жұмыс (ҚК-ке ерекше талаптар институтын енгізу аясында);
  • зорлық-зомбылыққа, буллингке ұшыраған балаларға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу құзыретін енгізу.

Динара Зәкиева заң жобасы, әсіресе әйелдер құқығын қамтамасыз етуге байланысты маңызды толықтырулармен бірге Аманат фракциясының депутаттары Асхат Аймағамбетов, Елнұр Бейсенбаевтың бастамалары аясында қазан айында Үкіметтің қорытындысына бағытталғанын атап өтті.

"Үкімет қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс үшін Үкімет басшылығы, Бас прокуратура, ІІМ, мемлекеттік органдарға, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е. Ластаев, Жанысова М.К., профессорлар И.Ш. Борчишвили мен М.Ш. Қоғамов, Жанна Ахметова, Анна мен Ольга Рыльдарға, сондай-ақ әр түзетуді тіпті демалыс күндері мен кейде түнгі уақытта да талқылап, күн сайын жұмыс істеген мемлекеттік органдардың қызметкерлері Фаина Ибрагимова, Бекболат Бірназаров, Жұлдыз Баймашева, Юлия Овечкина, Ринат Зулхаировқа алғыс айтамын", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу