Үкімет басшысы депутаттардың жеткіншектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын төмендету туралы ұсынысын әбестікке балады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Олжас Бектенов мұндай шешім балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық-гуманистік көзқарастарға қайшы болатынын айтып, қолдамайтынын ашық жеткізді.
Сөзінше, балалар бұл жаста өз әрекетінің қоғамға қаншалықты қауіп төндіретінін толық түсінбейді.
Мәселен, заңгер Әбдікәрім Ақжановтың ойынша, балаларды 12 жастан түрмеге қамау еліміз үшін бір ғасыр артқа жылжығанмен тең.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу