Үкімет балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын мақұлдады

787

Балық шаруашылығын дамыту арқылы 50 мың жұмыс орнын ашуға болады.  

Үкімет балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын мақұлдады

Ал Үкімет қабылдаған бағдарлама еліміздегі балық өнімдерінің өндірісін шамамен 30 есеге көбейтуге мүмкіндік бермек.

Үкімет отырысында баяндама жасаған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын таныстыра келіп, жобаға сәйкес 2030 жылға қарай жылына шамамен 270 мың тонна  балық өсіру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Аталған бағдарлама кезең-кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Жоспардың 45%-ы – 2030 жылы, ал 55%-ы – 2040 жылы орындалады деп күтіліп отыр. Министрдің айтуынша, бағдарлама бойынша қолға алынатын шаралар балық шаруашылығын 30 есеге ұлғайтып, соның нәтижесінде 500-ден астам жаңа шаруашылық пен 50 мың жұмыс орны құрылады және бес облыста балық зауыты салынады.

"Балық өнімдерінің экспорты жылына 30 мың тоннадан 136 мың тоннаға дейін артады, импорт жылына 45 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін төмендейді. Сонымен қатар балықты ішкі тұтыну екі есе – 2020 жылғы 67 мың тоннадан 2030 жылы 134 мың тоннаға дейін ұлғайтылады", – дейді министр.

Экология министрлігінің ұсыныстарын қолдаған Үкімет балық шаруашылығы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасын мақұлдады.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу