Үкімет басшыларының кезекті кездесуі Тәжікстанда өтетін болды

857

Үкімет басшыларының кезекті кездесуі Тәжікстанда өтетін болды

Бақытжан Сағынтаев Ташкентте ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бүгін ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. 

Шара қарсаңында Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 
Кеңейтілген құрамда өткен отырыста үкімет делегацияларының басшылары ТМД-да еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асырылу барысын, мұнай-газ машинасын жасау, жерді мелиорациялау, тауарлардың кедендік құнына бақылау орнату, халықаралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту сынды мәселелерді қарады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар құжаттар талқыланды. Бұдан өзге, ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылдың көктемінде Тәжікстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

Ташкенттегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкімет басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу