Үкімет басшысы "Нұрлы жол" аясында шығындарды тиімді жоспарлауды тапсырды

788

Үкімет басшысы "Нұрлы жол" аясында шығындарды тиімді жоспарлауды тапсырды

Үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Нұрлы жол" бағдарламасының жобаларын қаржыландыру жоспарларын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жалпы 2016 жылғы бағдарламалардың негізгі шаралары атқарылғанын, сонымен қоса жыл қорытындысы бойынша белгілі игерілмеген қаражаттар бар екенін айтты.

Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың қыркүйегінде Үкімет отырысында бағдарламалардың әкімшілеріне уақытылы игеру мен жобалардың қатаң бақылауда іске асырылуы туралы тапсырма бергенін еске салды.

"Сондықтан да игерілмеудің негізгі себебі әкімдердің тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан деп есептеймін. Тағы бір мәселе – бөлінген қаражатты жоспарлау сапасы мен игерудің мерзімі. Қаржыландырудың екі жылдық жоспарында едәуір көлем екінші жылдың соңына қойылған, сол себепті мұны қалай ретке келтіруге болатыны туралы ойлану керек. Сондай-ақ, игерілмеу қауіпі бар шаралар бойынша қаражатты қайта бөлу ұсыныстарын енгізу қажет", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев министрлерге облыс әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулеріне қатысу үшін өңірлерді аралау кезінде міндетті түрде "Нұрлы жол" бағдарламасының негізгі нысандарының құрылыс барысымен танысып, өз есептерінде сол туралы атап өтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу