Үкімет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады

455

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкімет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады Фото: Qazaqstan.tv

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралайды, деп жазады inbusiness.kz.

"10 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады. Хромтау ауданында Үкімет басшысы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, "Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын" автожолының жағдайымен танысады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Премьер-Министр бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралайды.

Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты одан әрі дамыту жоспарларымен танысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу