Үкімет басшысы Alarko Holding компаниясының Президентімен кездесті

451

Кездесуде жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.  

Үкімет басшысы Alarko Holding компаниясының Президентімен кездесті Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Түркияның Alarko Holding компаниясының президенті Йылдыз Умит Нуримен кездесті.

Екіжақты кездесуде энергетика, теміржол және автожол құрылысы, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу секілді салаларда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері сөз болды, деп жазады inbusiness.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға үлес қосып жүрген Alarko Holding-тің жұмысы Қазақстан үшін маңызды екеніне тоқталды. Қазіргі уақытта Алматы облысында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу жөніндегі жоба сәтті аяқталуға жақын.

"Менің білуімше, компания босаған білікті ресурсты, техника мен жабдықтар паркін Қазақстан аумағында басқа да жобаларды іске асыру үшін пайдалануға дайын. Біз ынтымақтастығымыздың келешегін егжей-тегжейлі талқылауға дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр еліміздің өзекті инвестициялық пулында экономиканың түрлі салаларындағы 850-ге жуық перспективті жоба бар екенін айтты.

Өз тарапынан Йылдыз Умит Нури аталған пулды мұқият талдауға, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен әлеуетті жобалардың түпкілікті тізбесін пысықтауға дайын екендігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша келіссөзді жақын арада жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу