Үкімет басшысы Алғабас ауылында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

59

Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Үкімет басшысы Алғабас ауылында өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысының Алғабас ауылында болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

"Үкіметтің атынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өрттің себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына  барлық қажетті көмек, оның ішінде материалдық және медициналық көмек көрсетіледі", – деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жетісайдағы өрттің себебі анықталып жатқанын, қылмыстық құрам жоқ екенін мәлімдеген болатын.  Құзырлы министрліктерге тапсырма берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу