Үкімет басшысы АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мәселесін қарады

1090

Үкімет басшысы АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру мәселесін қарады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру жайын талқылаған кеңес өтті. Бұл туралы pm.kz хабарлайды.

Бағдарлама 2013 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы 2013-2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" агроөнеркәсіп кешенін дамытудың салалық бағдарламасы аясында бастау алған.

Құжат екінші деңгейлі банктердің АӨК субъектілерін өз қаражатынан және сыйақы мөлшерлемесін төмендету арқылы, сондай-ақ "ҚазАгро" холдингінен тартылған қаражаттар есебінен қаржылық сауықтыру мәселелерін қарастырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу