Үкімет басшысы: "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді аудит жүргізіледі

604

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.    

Үкімет басшысы: "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді аудит жүргізіледі Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "АрселорМиттал Теміртау" арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынға қаржылық, техникалық және экологиялық аудит жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық консультанттарды шақырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Премьер-Министр "АрселорМиттал Теміртауға" кешенді тексеру жүргізу кестесі жіберілгенін айтты.

Өз кезегінде Виджай Гоял барлық тексеру шараларына толық жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу