Үкімет басшысы бірқатар облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды

205

Қостанай облысында өрттің алдын алу жөніндегі тиісті жедел штаб уақтылы құрылмаған.  

Үкімет басшысы бірқатар облыс әкімдіктерінің жұмысын сынға алды Фото: PrimeMinister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өрттің алдын алу жұмыстары қай өңірлерде баяу жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мамыр айындағы Үкімет отырысында мен әкімдіктерге барлық қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырдым. Алайда, кейбір облыстарда аталған жұмыс өз деңгейінде жүргізілмей отыр. Мәселен, Абай, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында су көздерінің түбін тереңдету жұмыстары жүргізілген жоқ. Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында отын қорымен қамтамасыз ету мәселелері толық шешілмей отыр. Қостанай облысында өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі тиісті жедел штаб уақтылы құрылмаған", - деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өртке қарсы жер жырту жұмыстары баяу жүріп жатыр. 

"Онсыз дала немесе орман өрттерін ауыздықтау қиын болады. Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарын қураған өсімдіктер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Өңір әкімдері осы мәселелермен тікелей айналысуы қажет", - деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу