Үкімет басшысы даму қарқыны жоғары облыстарды атады

1007

Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы баяндалды. 

Үкімет басшысы даму қарқыны жоғары облыстарды атады

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биыл қаңтар-ақпанда негізгі көрсеткіштер бойынша Алматы, Ақмола облыстарының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары болды. 5 көрсеткіш бойынша Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында өсім байқалды. 8 өңірде 4 көрсеткіш бойынша Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң динамика тіркелді",– деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ Асқар Мамин Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында  әлеуметтік-экономикалық даму жағынан ең төмен көрсеткіш тіркелгенін атап өтті.

"Министрліктер мен әкімдерге жұмысты жандандырып, тиісті шараларды қабылдау және міндеттерді нақтылауды тапсырамын", деді Премьер-министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу