Үкіметтің Telegram парақшасы таратқан мәліметке сенсек, басқосуда ҚР мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты өзара ынтымақтастығының перспективасы талқыланды. Биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығының 30 жылдығын атап өтеді.
"Серіктестігіміздің отыз жылдығы ішінде біз шағын және орта бизнес, қаржы, ТКШ, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялармен қатар экономиканың түрлі салаларында барлығы 55-тен астам жобаны сәтті іске асырдық", – деді Ә. Смайылов.
Бірлескен инфрақұрылымды дамыту жобалары бойынша "Достық - Мойынты" жол учаскесін салу жобасы талқылануда. Қазіргі уақытта жол құрылысы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске асырылуда.