Үкімет басшысы: Елімізде бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады

591

Әлихан Смайылов Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс нәтижелеріне тоқталды. 

Үкімет басшысы: Елімізде бизнеске қойылған 7 мыңға жуық негізсіз талап жойылады Фото: www.cleverence.ru

Биылдан бастап бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері енгізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бизнеске қойылатын басы артық талаптарды анықтау бойынша ауқымды ревизия жүргізілуде. Бүгінде осындай 7 мыңға жуық талап анықталды, олар жойылады. Мемлекеттік бақылау жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі – тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру арқылы тексерулерден бұзушылықтардың алдын алуға ауысу басталды. Бұл жұмыс келесі жылы шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий мерзімі өткеннен кейін аяқталуы тиіс. Қабылданып жатқан шаралар ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Премьер-Министр. 

Оның айтуынша, бәсекелестікті дамыту мақсатында экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту жалғасатын болады. 

"Атап айтқанда, жекешелендіру бойынша кешенді жоспарға қосымша 171 объект енгізілді, халық тұрмысы үшін маңызы зор сумен, электрмен және жылумен жабдықтау салаларындағы 200-ге жуық әлеуметтік маңызы бар объекті алынып тасталды, "ҚазМұнайГаз" халықтық IPO өткізілді. Сонымен қатар МЖӘ тетіктерін қайта жаңғырту үшін заңнамалық түзетулер әзірленді", - деді Үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу