Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техиникаларының 75 пайыз көктемгі егін жұмысына дайын тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақытылы қолдану керек. Әзірге ол жоспардың 59%-ын құрап отыр. Министрдің айтуынша, 2023 жылы аталған көрсеткіш 21%-ды құраса, былтыр 40%-ға жеттік, биыл 59%-ға дейін жеткіземіз. Алдағы жылдары біз 100%-ға жетуіміз керек, – деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Ең маңызды мәселенің бірі – ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы. Бүгінде шамамен 75% техника көктемгі жұмысқа сақадай-сай тұр. Ал жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу тапсырылып отыр.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы егіншілерді қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуде Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп министрлігінің жұмыстарын үйлестіру қажеттігін атап өтті.